ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы БАҚ саласындағы заңнамалық реформалар бойынша диалогты қолдайды
АСТАНА, Қазақстан, 9 қыркүйек 2013 жыл – Бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен сөз бостандығы мәселесі жөнінде Қазақстан заңнамасына түзетулер енгізу бойынша дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шара ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының, Сорос-Қазақстан қорының, Қазақстандағы Нидерланды Корольдігі Елшілігінің және IFEX Халықаралық сөз бостандығын қорғау ассоциацияның бірлесуімен ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Қазақстан Үкіметінің мүшелерін, мемлекеттік қызметкерлерді, азаматтық қоғамның өкілдері мен БАҚ саласындағы сарапшыларды қоса алғанда, дөңгелек үстелдің 40 жуық қатысушысы заңнаманың өсек-жала, жеке өмір, журналистердің қауіпсіздігі, азаматтардың ақпаратқа қол жетімділігі, Интернет желісінің заңнамалық бақылануы мәселелерін реттейтін тұстарына қатысты пікірлерін білдіріп, өздерін алаңдататын ойларымен бөлісті.
БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ өкілінің кеңсесіндегі құқық мәселелері бойынша сарапшысы Дмитрий Голованов Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс жобасына қатысты өз түсініктемесін бере отырып, «Жаңа редакциядағы жобалардың екеуі де Қазақстандағы журналистердің кәсіби қызметтерінің қорғалу деңгейінің арттырылуына қатысты елеулі оң көріністі әлеуетке ие болғанына қарамастан, заң жобаларының кейбір ережелері халықаралық стандарттарға сай келу үшін әлі де болса, пысықталуды қажет етеді», - деді.
«Демократияны таңдаған елдің заңнамасы адам құқықтарының ең негізгі ретінде бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын, ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығын назарға алу және адам құқықтарының бұзылуына қарсы қабылданып жатқан шараларды реттеуі шарт» - деді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы, елші Наталия Зарудная.
«Қазақстан Республикасының Конституциясы пікірді еркін білдіру құқығына кепілдік береді. Біз азаматтық ұйымдармен бірлесіп бірқатар заң жобаларының әзірленуі және соңынан қабылдануы бұл бастаманың үкіметтік және азаматтық секторлар арасындағы ынтымақтастықты нығайтады деген ойдамыз», деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Кальянбеков.
Астанада өткізілген дөңгелек үстел Орталықтың Қазақстанда тиімді заң реформаларының жүргізілуіне және сөз бостандығына қолдау көрсету жұмыстарының бір бөлшегі болып табылады.