Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы ҮЕҰ мемлекеттік қолдау көрсетілуін қолдайды
АСТАНА, 20 тамыз 2013 – «ҮЕҰ мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырған дөңгелек үстел тақырыбы айналды.
Ұсынылып отырған заң жобасының халықаралық стандарттар мен қоғам сұранысына сай келуін мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның 40 жуық өкілі талқылады. Мұндағы мақсат – мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара әрекеттестік пен қарым-қатынасты нығайту.
Заң жобасы мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы серіктестік үшін заң, әкімшілік және экономикалық негіздерді, сондай-ақ мемлекет ҮЕҰ көрсетуін көздеп отырған қаржылық қолдауды көздейді. Бұған қоса, заң жобасында әлеуметтік маңызы бар жобалардың іске асырылуына ҮЕҰ мемлекет тарапынан қаржы бөліну мәселесі қамтылған.
«Іргесі берік азаматтық қоғам ғана қоғамдық, әлеуметтік және мәдени өмірге өз үлесін қосып, мықты демократия құра алады. ЕҚЫҰ ҮЕҰ секторына мемлекеттік қолдау көрсетілуін, соның ішінде қаржы ресурстарына қол жетімділікті қамтамасыз етуге мүдделі», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысының орынбасары Жаннет Клетцер.
«Қазақстан Үкіметі үкіметтік емес ұйымдарды орнықты әрі қарқынды дамудағы басты серіктестер ретінде қарастырады. Ұсынылып отырған заң жобасы ҮЕҰ Қазақстанда одан ары қарай да дамуына мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету арқылы ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттестікті арттыруға бағытталған», - деді ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев.
Заң жобасын одан әрі жақсарту бойынша ұсынымдар Мәдениет және ақпарат министрлігінің министрліктер мен ҮЕҰ сарапшыларынан құралған Жұмыс тобына ұсынылатын болады.