ЕҚЫҰ орталығы Орхусс конвенциясының Қазақстанда іске асырылуына ықпалдасуда
ҚОРҒАЛЖЫН, Қазақстан, 29 шілде 2013 - Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы ұлттық Орхусс орталықтарының қызметіне ықпалдасу жолымен бұқараның экология жөніндегі ақпаратқа қол жетімділігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешім қабылдауға және сот төрелігіне қатысу саласында әлеует құру семинарын ұйымдастырушылардың бірі болды. Шара бүгін Орталық Қазақстандағы Қорғалжын табиғи қорығында басталды.
Семинар Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Жоғарғы соттың қолдауымен ЕҚЫҰ Орталығы мен ұлттық Орхусс орталығының ұйымдастыруымен өтті. Аталмыш шара Астана мен елдің сегіз аймағында жұмыс істейтін Орхусс орталықтарының тыңдауларын, басымдықтары мен келешегін анықтауға бағытталған.
«Мамандардың атқарып отырған қызметтерін халықаралық стандарттарға сай келтіруде семинардың берері зор» - деді Астанадағы ұлттық Орхусс орталығының басшысы Людмила Шабанова. «Біз семинардың интерактивті консалтингтік сессиялары барысында кәсіби шешім қабылдаудағы арнайы стратегияларды әзірлейтін боламыз».
Семинар жұмысы барысында ғылыми орталықтардың, мемлекеттік мекемелердің, Жоғарғы соттың және экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың 30 астам қатысушысы Орхусс конвенциясының орындалуының ең тиімді жолын табу үшін өз тәжірибелерімен бөлісіп, құқықтық және әкімшілік мәселелерді, үкіметпен, азаматтық сектормен және халықаралық ұйымдармен арадағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын болады. БҰҰ Еуропалық Экономика Комиссиясының «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу конвенциясы» (Орхусс конвенциясы) 1998 жылдың 25 маусымында Данияның Орхус қаласында қабылданған болатын.
«Орхусс конвенциясына қол қойылуының 15 жылдығы осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, конвенцияның орындалуындағы проблемаларды талқылау үшін беріліп отырған тамаша мүмкіншілік. «Орхус орталықтары – маңызды мүдделі тараптар. Орталық қалың бұқараның қоршаған ортаны басқаруға және экологиялық қауіпсіздікті күшейтуге қатысуына ықпалдасуын жалғастырып келеді» - деді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер.
Жоғарғы сот судьясы Владимир Борисов сот жүйесінің жұмыскерлері үшін тренингтің өзекті екендігін атап өтіп, «Соттарда экологиялық заңнаманы бірдей қолдану практикасы қалыптасу үшін сот қызметінің экологиялық құқықтық қатынастарды реттейтін ұлттық заңнама мен халықаралық актілердің талаптарына сай келгені аса маңызды. Бұл экологиялық қауымдастық құқықтарының сенімді қорғалуына септігін тигізетін болады» - деді.