ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы Интернет желісін дамуты жөніндегі форумды қолдайды
АЛМАТЫ, 23 мамыр 2013 ж. – Бүгін Алматыда Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған Орталық Азия аймағында Интернет желісін дамыту жөніндегі екі күндік аймақтық форум басталды.
Форум жұмысына 100 жуық қатысушы, соның ішінде Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден, Литвадан, Германиядан, Грузия мен Украинадан келген медиа-сарапшылар мен журналисттер және Қазақстанның мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың және дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысады.
Қатысушы Интернет желісінің және сөз еркіндігінің дамуын, Интернет желісінің мемлекеттік реттелуін, Интернет желісінің бизнес мәселелерін, жергілікті электрондық БАҚ және мемлекеттік тілдегі веб-қорлардың мазмұнын талқылайды. Оған қоса, Интернет желісінің аймақтағы шектеусіз ақпараттың аздаған көздерінің бірі ретінде даму мәселелері талқыланып, Интернет желісіндегі ақпараттың еркін ағынына төнетін ықтимал қауітер жөніндегі пікір алмасу орын алады.
«Ақпараттық технологиялар заманында Интернет желісінің дамуы мен адам құқықтарын қорғау ЕҚЫҰ үшін басым мәселелерге айналды» - деді Наталия Зарудна, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы. «Ақпаратты іздеу, алу және татару құқығы адамның түбегейлі құқығы болып табылады. Қазіргі таңда Интернет желісі теңдесі жоқ ақпарат көзіне айналған. Осылайша, халыққа Интернет желісінен тыс қамтамасыз етілген құқықтарды қорғау Интернет желісіндегі қызметті де қамтуы тиіс».
Оған қоса, Андрей Рихтер ЕҚЫҰ БАҚ сөз еркіндігі мәселелері жөніндегі Өкілі Бюросының директоры айтуынша: «Интернет желісіндегі пікірін білдіру еркіндігі мен ақпарат еркіндігінің мәселелері бұқаралық ақпарат құралдарының сөз еркіндігі мәселелері жөніндегі Өкілі үшін басым болып қала беруде. Бұл форум осы құндылықтарды Орталық Азияда жылжытудың тұрақты платформасына айнала алады».
Конференция соңында қатысушылар аймақта Интернет желісін әрі қарай дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірлейді. Ұсыныстар мемлекеттік мекемелер, ЕҚЫҰ институтары және өзге мүдделі тараптар арасында таратылатын болады.
Форум Төртінші жыл қатарынан өткізіліп отыр және Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығымен, «Қазақстан Медиа Альянсы» қоғамдық қорымен, «Сорос-Қазақстан» қорымен, Еуропалық Одақ Делегациясымен және Қазақстандағы АҚШ орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырылған бірқатар шаралардың құрам бөлігі болып табылады.