EҚЫҰ Қазақстан Республикасында тегін заңгерлік көмектің дамуына септігін тигізуде
АСТАНА, 18 сәуір 2013 жыл - Астанадағы ЕҚЫҰ Jрталығы мен Парламент мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформасы жөніндегі комитеті бірлесіп, мемлекет кепілдік еткен тегін заңгерлік көмек туралы заң жобасына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Іс-шараның қосымша ұйымдастырушылары Сорос-Қазақстан Қоры, Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Жоғарғы комиссарының Орталық Азиядағы басқармасы, Қазақстандағы сот реформасын қолдау жөніндегі жобасының жұмысы аясында Еуроодақтың уәкілдігі және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы болып табылды.
Іс-шараға Қазақстанның парламенті депутаттары, Армения, Бельгия, Германиядан келген сарапшылар, қорғаушылар және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел жұмысы барысында тегін заңгерлік көмек көрсету жөніндегі алдыңғы қатарлы халықаралық іс-тәжірибе, үкімет қаржысындағы заңгерлік көмек жүйесін басқару, сонымен қатар қорғаушылардың дербестігіне қолдау көрсету сияқты мәселелер талқыланды.
Аталған іс-шара мемлекет кепілдік еткен тегін заңгерлік көмекке байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгертулер енгізудің қоғамдық талқылауына бағытталған ЕҚЫҰ-ның бастамаларының қатарына жатады.