Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы судьялар үшін адам саудасына қарсы күрес жөніндегі тренинг өткізуде.
2013 жылғы 19 ақпан – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен адам саудасына байланысты қылмыстық істер бойынша сот практикасын жақсарту жөніндегі оқу семинарларының алғашқы топтамасы өтті.
Екі күндік семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, ҚР Жоғарғы сотымен және АҚШ елшілігімен ынтымақтастықта ұйымдастырды. Осы семинар Қазақстанның бүкіл өңірінен аудандық және қалалық соттардың 30 басшысын жыныстық, еңбек және өзге түрдегі қанаумен байланысты адам саудасы жөніндегі қылмыстық істерді қарастыру кезінде ең үздік сот практикасын және халықаралық және ұлттық механизмдерді қолданудың тиімді әдістерін талқылау үшін жинады.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталия Зарудна семинар осы санаттағы қылмыстық істер жөніндегі өндірісті жақсартатындығын және ЕҚЫҰ-ның судьяларды одан әрі кәсіби дамытуға өз үлесін қосуына мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Сот төрелігі институтының директоры Мұрат Бейбітов адам саудасы аса табысты ауыр қылмыс екендігін және табыстылығы жағынан тек есірткі мен заңсыз қару-жарақ саудасынан ғана кем түсетіндігін атап өтті. «Қазақстанды қосқанда, ЕҚЫҰ-ның қатысушы барлық мемлекеттерінде тиісті заңнаманы әзірлеу және жүзеге асыру осы проблеманы шешу үшін өмірлік маңызды орын аладаы», - деп Мұрат Бейбітов өз сөзін толықтырды.
Тренинг адам саудасымен күрес жөніндегі Қазақстан заңнамасын және практикасын жетілдіру бойынша орталықтың көп жылғы еңбегінің бір бөлігі болып табылады, әрі ол Украинаның 2013 жылы ЕҚЫҰ төрағалығының негізгі басымдықтарының бірі болып саналады.