ЕҚЫҰ құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшылардың кездесуінде Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын талқылауды қолдайды
Астана, 2013 жылғы 31 мамыр – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару институты құрылуының 20 жылдық мерейтойына орай бүгін Астанада өткен конференцияның күн тәртібінде қылмыстық сот төрелігінен бастап әкімшілік заңнамаға дейінгі құқықтық нормалар мен құқық қолдану практикасының бірқатар мәселелері талқыланды.
Конференция Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылды және оның мақсаты заңнамалық актілерді әзірлеу және жүзеге асыру кезінде ағымдағы жағдайды қарастыру, әрекет етуші заңгерлер мен ғалымдар арасында құқықтық мәселелер жөніндегі диалогқа қолдау көрсету, сонымен қатар жергілікті және халықаралық сарапшылар арасында пікір алмасу болып табылды. Шараға шамамен 150 қатысушы, соның ішінде үкімет мүшелері, парламент депутаттары, жоғары сот корпусының өкілдері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар Ресейдің, Украинаның және Өзбекстанның құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшылары қатысты.
«Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және орын алған құқықтық тәжірибесін реформалауға қатысты жүргізіп жатқан шараларын қолдайды. Бүгінгі шара Қазақстандағы билік органдары, азаматтық қоғам және халықаралық серіктестер арасындағы құқықтық мәселелер жөніндегі сындарлы диалогты күшейтуге ықпал етуде»,- деді ЕҚЫҰ Орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер ханым.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Берік Имашев: «Заң шығару институты өзінің 20 жылдық мерейтойын тойлауда. Оның қызметі Президенттің Қазақстан халқына жолдауында міндеттелген, сонымен қатар мемлекеттің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында көзделген мәселелер бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді қамтиды», - деп айтты.
Қатысушылар бір топ заңнамалық мәселелерді, соның ішінде әкімшілік құқықты және процедураларды; кәсіпкерлік құқықты; қылмыстық сот төрелігін және пенитенциялық саясатты; деликтілік құқықты, әлеуметтік саладағы заңнаманы жаңарту, сонымен қатар ел заңнамасын ЕҚЫҰ халықаралық стандарттарына және міндеттемелеріне сәйкес үйлесімді ету мәселелерін талқылады.