Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан Республикасындағы пенитенциялық жүйе реформасы тақырыбындағы форумға қолдау көрсетті
АСТАНА, 28 наурыз 2013 жыл – бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстан Республикасындағы қылмыстық саясатты жүзеге асырудың көкейтесті мәселелері бойынша форум өткізілді.
Шара ұйымдастырушысы ретінде Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Бас прокуратура, Ішкі істер Министрлігі, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл (омбудсмен), Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ уәкілдігі, Орталық Азиядағы Халықаралық абақты реформасының өкілдігі, Голландия елшілігі мен Германияның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры (IRZ) болып табылды.
Форумның негізгі мақсаты елдегі өткізіліп отырған қылмыстық заңнама реформасының аясындағы пробация механизмінің және пенитенциялық жүйенің қазіргі ахуалы мен болашағын талқылау болды. Талқылау барысында басты назар пробация механизмінің артықшылықтарына, оның тиімділігіне, қылмыстық-атқару жүйесі мен қамаудағыларды оңалтуға тигізіп отырған әсеріне бөлінді. Осыдан басқа қамаудағыларды электрондық бақылауға алу және жазалаудың балама әдістері туралы сөз қозғалды.
Шараға 150-ге жуық уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшылар тобы, әрекет етуші заңгерлер және халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Франция, Нидерланды, Ресей мен Ұлыбританиядан келген сарапшылар өз елдерінің тәжірибесімен бөлісіп, ұсыныстарын жасады.
«Мен Қазақстанның пенитенциялық жүйе реформасын ілгерілету ісіндегі жігерін және толық іс барысындағы барлық мүдделі тұлғалармен тығыз ынтымақтастықта әрекет етуін жоғары бағалаймын» - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталья Зарудная. «ЕҚЫҰ Қазақстан Республикасында пробация механизмін әрі қарай дамытуды және абақтыға қамаудың баламаларын арттыруды қолдайды және қамаудағы тұрғындар санын азайту қазіргі реформаның қорытынды мақсаты ретінде көзделіп отыр» - деп атап өтті ЕҚЫҰ Орталығының басшысы.
Асхат Дауылбаев, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры: «Қазақстан біртіндеп қылмыстық сот төрелігі мен пенитенциялық саясатты ізігілендіру жолына бет бұруда. Пробация механизмінің 2012 жылы енгізілуі және бұл институттың ықтимал кеңейтілуі болашақта қамаудағы тұрғындар санын азайтып, қылмыстық-атқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және азаматтар құқықтарының сақталуын жетілдіруді қамтамасыз етуге көмектеседі».
Талқылау нәтижесінде қатысушылар жаңа Қылмыстық-атқару кодексі жобасын әзірлеуші жұмыс тобы пайдаланатын бірқатар ұсыныстар мен сараптамалық пікірлерді дайындады. Бұл шара ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстанның қылмыстық сот төрелігі мен пенитенциялық жүйені жетілдіруде салған күштерін қолдау бойынша ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.