ЕҚЫҰ орталығы Қазақстандағы көші-қонды басқару ісіне қолдау көрсетеді
2013 жылдың 14 мамырында ЕҚЫҰ қолдауымен Шымкентте көші-қон саясатын жергілікті деңгейде басқаруды жетілдіру мәселелеріне арналған аймақтық семинар мен қоныс аударушыларды етенелестірудің озық тәжірибелері бойынша тренинг өткізілді.
Іс шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімдігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы және БҰҰ-Әйелдер ұйымдары бірлесе отырып ұйымдастырды. Оған қоса, семинарды ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызмет жөніндегі Координатор Басқармасы, ЕҚЫҰ демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі Бюросы және ЕҚЫҰ оы аймақтағы өзге бөлімшелері қолдау көрсетті.
Бұл шараға жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың, парламентарийлердің және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтық қоғамдарының 70 жуық өкілі қатысты.
«Көші-қонды, әсіресе, еңбек көші-қонын басқару елеулі деңгейде аймақ мәселесі болып қалуда. Биліктің еңбек көші-қонын көлеңкелі экономика аясынан шығарып, оларды қолданыстағы нормаларға сәйкес заңдастыру үшін қабылдап жатқан шараларға қарамастан, әлі көптеген нәрсе шешілуін қажет етіп отыр. Экономика да, қоғам да бұдан тек пайда табады» - деді Елші Наталия Зарудна, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы.
Президент кеңесшісі және ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы, Гүлшара Әбдіқалықова ханымның, айтуынша: «Қоныс аударушылар арасында әйелдер үлесінің артуы әлем мен ҚР қазіргі заман көші-қонының басым ерекшелігі болып табылады. Осы аймақтық семинарға ұқсас шаралар бізде отбасы, әйелдер мен балалар ахуалын жақсарту бойынша халықаралық міндеттемелерімізді орындау үшін және біздің ұлттық көші-қон саясатымызға гендерлік мәселелерді енгізу үшін өте маңызды».
«ҚР «Тұрғындар көші-қоны туралы» Заңына сәйкес, елімізде оралмандар мен қоныс аударғандарға арналған оңалту, бейімдеу және бейімдеу орталықтары ашылып, сол орталықтарда оларға кез келген уақытта қажетті көмек көрсетіледі» деп, Шалатай Мырзахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, семинардың қоныс аударушылармен жұмыс бойынша заманға сай тәжірибені жылжытуға септігін тигізетіндігін атап өтті.
Семинар қатысушылары жергілікті және орталық билік органдары үшін көші-қонды аймақтық деңгейде басқару саясатының әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар кешенін әзірлеуледі.
Аталмыш іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қызметі аясында өткізіліп, Қазақстан мен көрші елдерде еңбек көші-қоны саласындағы саясатты ілгерілеті мен озық тәжірибелерді енгізуге бағытталған.