Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы ірі өлшемді көлікте есірткіні анықтау бойынша оқыту семинарын өткізуге қолдау көрсетуде
АЛМАТЫ, Қазақстан, 2013 жылдың 4 маусымы – Пойыздар мен өзгедей ірі өлшемді көлікте есірткіні анықтау бойынша оқыту бойынша төрт күндік семинар өз жұмысын бүгін Алматыда бастады. Семинар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен Ішкі істер министрлігімен іскерлесе отырып ұйымдастырылған.
Ірі өлшемді көліктегі есірткі трафигімен күрес үшін жауапты аймақтық ішкі істер департаменттерінің 30 жуық өкілі есірткіні пойыздарда, жүк көлігінде, автомобильдерде және өзге көлік құралдарында анықтаудың алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибесімен танысады.
Оған қоса, қатысушылар трансұлттық есірткі айналымымен күрес саласының жалпы дамуы туралы білетін болады. Грузия мен Ресейден келген халықаралық сарапшылар өз елдерінің заңсыз есірткі трафигімен күрес тәжірибесімен бөліседі.
«Есірткінің заңсыз айналымы қауіпсіздіктің барлық жайттарына әсер етеді. Ол ұлттық экономикаларды, әлеуметтік тұрақтылықты және қоғамның үкіметтің осы қылмысқа төтеп беру мүмкіндіктеріне деген сенімді әлсіретеді. Сондықтан да, есірткінің заңсыз айналымымен күрес реттелген халықаралық жауапты және ортақ құралдар мен әдістерді пайдалануды талап етеді» деді Штефан Бухмайер, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының адам құқықтары жөніндегі кеңесшісі.
Тренинг Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстандағы есірткінің заңсыз айналымын болдырмауға бағытталған қызметі аясында өткізіліп отыр.