ЕҚЫҰ қайта қаралған FATF стандарттарын оқыту ісіне қолдау көрсетуде
4 сәуір 2013 жыл – Бүгін Бурабайда, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының экономика және қоршаған ортаны қорғау бөлімі мен Дүниежүзілік Банк, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг комитеті сонымен қатар Қазақстандағы АҚШ елшілігінің атсалысуымен ұйымдастырылған «Ақшаның жылыстау жолдарымен күресуде қаржылық шаралар дайындау тобының (FATF) қайта қаралған стандарттарынмен танысуға арналған екі күндік семинар өз жұмысын бастады.
Аталмыш іс шарада Қазақстан Республикасының министрліктерінің, құқық қорғау органдарының, қаржы мекемелерінің, кәсіптік қауымдастықтар мен кәсіпорындардың 60 жуық өкілдері мен қаржылық емес қызметпен айналысатын мамандары ақшаның жылыстатылуы мен қаржылық терроризм, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруының таралуымен күресу жөніндегі FATF халықаралық стандарттарына енгізілген соңғы өзгертулерімен танысты.
FATF ұымы осындай қауіптерге қатысы стандарттардың әлемдік әзірлеушісі. FATF әзірлеген стандарттар аймақтық еншілес ұйымдар арқылы әлемнің 180 астам елдерінде қолданылып келеді. Қайта қаралған стандарттардың қолданылуы қаржылық ашықтық деңгейін арттырып, ұлттық, аймақтық және әлемдік деңгейде қауіпсіздікті күшейтуге өз септігін тигізетін болады.