ЕҚЫҰ Қазақстанда қылмыс жолмен табылған табыстарды заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша оқу вебинарын қолдауда
Ақшаны жылыстатуға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес бойынша (АЖ/ЛҚҚ) екі күндік онлайн-тренинг 2020 жылдың 23 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында аяқталды. Іс-шараға құқық қорғау және қаржы секторларынан 50-ге жуық мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы/Өңірлік хаб бірлесіп ұйымдастырды.
Грузия мен Италияның сарапшылары заңсыз кірістерді заңдастыру схемалары бойынша презентацияларымен бөлісті. Сарапшылар Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (FATF) осындай схемалардың алдын алу және олар бойынша шаралар қабылдау бойынша ұсыныстарын талқылады. Қатысушылар бенефициарлық иелену тұжырымдамасымен, сондай-ақ заңды тұлғалармен байланысты ақшаны жылыстату тәуекелдерімен танысты. Қатысушылар сондай-ақ 2018 жылғы FATF және «Эгмонт» тобының бірлескен зерттеу нәтижелерін талқылады.
FATF – бұл ұлттық қаржылық барлау органдары үшін стандарт ретінде танылған АЖ/ЛҚҚ бойынша ұсыныстарды әзірлейтін тәуелсіз үкіметаралық ұйым болып табылады. «Эгмонт» тобы АЖ/ЛҚҚ саласындағы ынтымақтастықты жақсарту үшін және осы саладағы ішкі бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу үшін қаржылық барлау бөлімшелеріне арналған форумды ұсынады.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі қылмыс жолмен табылған табыстарды заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұруды қажетті басқаруды ілгерілету және қолдау көрсету бойынша көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.