ЕҚЫҰ лаңкестікке қарсы әрекетте полицияның жергілікті халықпен жұмысының рөлін талқылайды
АСТАНА, 2012 жылғы 12 қазан – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған Қазақстан полициясының халықпен тұрғылықты жері бойынша және зорлықты экстремизм және радикализацияға қарсы әрекет ету бойынша жұмысы мәселелері жөніндегі семинар өз жұмысын аяқтады.
Екі күндік семинарға 50-ден астам халықаралық және ұлттық сарапшылар, соның ішінде үкімет пен халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Олар зорлықты радикализация мен лаңкестікке ықпал ететін факторларды талқылады. Адам құқығының сақталуы және заңның үстемдік құруы шартында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның лаңкестікпен күрес жұмысына ерекше мән берілді.
«Біздің дөңгелек үстеліміздің мақсатының бірі зорлық экстремизм мен радикализм тұжырымдамасы, сондай-ақ лаңкестікке әкелетін радикализация мен экстремизм арасындағы өзара байланысты айқындау болып табылады» деді өзінің құттықтау сөзінде Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы Наталья Зарудная. «Біз сонымен қатар Қазақстан полициясының тұрғылықты жері бойынша халықпен тікелей жұмыс жасайтын құқық қорғау органы ретінде экстремизм мен радикализациямен күрестің жалпы тәсілін жасақтаудағы ықтимал үлесін қарастырамыз».
Қазақстанның Стратегиялық Зерттеулер институтының директорының орынбасары Леся Каратаева былай деді: «Сессиялар қызықты әрі ойға жетелейді. Мен әсіресе мемлекеттік органдардың, академиялық орталар, үкіметтік емес ұйымдар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің әртүрлі тәжірибесін жоғары бағаладым. Сонымен қоса, маған теория мен заманауи тәжірибені ұштастырған шараны ұйымдастыру әдісі ұнады».
Аталмыш шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы және ЕҚЫҰ Секретариатының Трансұлттық қатерлер департаментімен бірлесіп ұйымдастырлды.