ЕҚЫҰ Қазақстанда ақшаны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет қолдану бойынша оқыту семинарын қолдауда
Мемлекеттік органдар, өзін-өзі реттейтін ұйымдар және бекітілген қаржылық емес мекемелер мен мамандардың (БҚЕММ) 40-қа жуық өкілдері үшін ақшаны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет қолдану (АЖ/ЛҚҚӘ) мәселелері бойынша семинар ЕҚЫҰ қолдауымен 2016 жылғы 18 қарашада Астанада өтті.
Италия мен Латвиядан келген сарапшылар Ақшаны жылыстатуға қарсы әрекет қолдану бойынша қаржылық шараларды әзірлеу тобы бекіткен халықаралық стандарттар, әсіресе казино, жылжымайтын мүліктермен операциялар бойынша агенттерді, қымбат металдар мен тастардың дилерлерін, адвокаттарды және басқа мамандықтарды құрайтын БҚЕММ реттеу мен бақылау саласындағы стандарттар бойынша баяндамалар жасады. Олар қатысушылардың назарын басқа ЕҚЫҰ мүше-мемлекеттер тәжірибесінен алынған сабақтарға аударды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті өкілдері қатысушыларды реттеу саласындағы ұлттық талартармен егжей-тегжейлі таныстырды, және де жеке және мемлекеттік секторлар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына баса назар аудартты. Сонымен бірге қатысушылар топтық жаттығуларға қатысты, олардың мақсаты ақшаны жылыстату мен лаңкестікті қаржыландыру қауіптерін көрсететін өнімдер мен қызметтерді анықтау, сондай-ақ оларды азайту бойынша шараларды ұсыну болып табылды.
Іс-шара ақшаны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет қолдану тақырыбы бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен өткен бес оқыту тренингі сериясының соңғысы болып табылады. Ол тиісті басқаруды ілгерілету саласындағы Офистің көпжылдық жұмысын жалғастырады.